Жеңімпаздар шеруі – 2025
М. Дулатұлының 140 жылдығына орай және “Біртұтас тәрбие” бағдарлама аясында “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығы 2024 – 2025 оқу жылын қорытындылау мақсатында “Жеңімпаздар шеруі – 2025” іс – шарасын ұйымдастырды. Іс – шара барысында “Жас Ұлан” БЖО – ның белсенді тәрбиеленушілері мен ата – аналары мадақтама қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар “Жас Ұлан” БЖО тәмәмдайтын түлектерге арнайы “Жас Ұлан түлегі – 2025” лентасы табысталып мадақтама қағаздары мен ақшалай сый – сияпат берілді. Ал ата – аналары алғыс хаттармен марапатталды.
Іс – шара барысында әсем ән айтылып, күй тартылды, би де биленді.
Іс – шара көңілді нотамен аяқталып, естелік суретке түсірілді.
Іс – шараға қатысқан ұстаздарға, тәрбиеленушілерге және ата-аналарға алғыс білдіреміз!