“Өмір – бұл қуаныш”, ” Өмір – бұл мереке”

“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында 22 маусым күні ұжым мұғалімдерінің ұйымдастыруымен психологиялық есепте тұрған оқушылармен “Өмір – бұл қуаныш”, “Өмір – бұл мереке” атты мерекелік іс- шара болып өтті.

Іс- шараның негізгі мақсаты: балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, өмірге деген құштарлықтарын арттыру болып саналды.

Барлығы: 35 оқушы ат салысты. Іс – шараның басында оқушыларды екі фиксик достарымыз қарсы алды. Балалар Мася мен Папус- қа ілесіп бидің қимылдарын қайталады. Одан кейін сиқыршы пайда болып,  балалармен ойнап, түрлі түсті белгі қағаздарын таратты. Сол қағаздар бойынша балалар топтасып, мерекелік жайылған дастарханға жайғасты. Үстел үстінде балаларға арналған тәттілер, және сусын болды.

Іс- шара барысында шуылдаспақтар( кричалка) айтылды. Мерекелік дастарханға жайғасқан сәтте, үстел үстінде балаларды аяқталмаған  өлең шумақтары күтіп тұрды. Балаларға ең бірінші тапсырма: бос өлең жолдарын толтыру болды. Бұл жерде өз еркімен өлең шығарған оқушыларды да байқадық. Бірінші болған топқа белгі қағазы берілді. қолтырауын ойыны ойнатылды. Мында әр топтан бір оқушы шығып, қағазда жазылған сөзді ым- ишара арқылы өзге топ мүшелеріне түсіндіруі тиіс болды. Бірінші болған және барлық сөздерді тапқан топқа белгі қағазы беріліп отырды.

Екінші ойын ” Көңілді орындық” деп аталды. Бұл ойынның шарты бойынша 6 оқушы ойын алаңына шығады, және 5 орындық қойылады. Оқушылар қойылған музыканың ырғағына билейді де ,музыка тоқтаған сәтте орындыққа жайғасуы тиіс. Болды жеңімпаз оқушының тобына белгі қағазы берілді.

Бұл ойында: Янна есімді балақай жеңімпаз атанып, қанжығасына 3 белгі қағазын байлады.

Іс- шара барысында, көңілді әуендер ойнап, билер биленіп, қазіргі таңдағы хит болған Тик- Токтағы трендтерді биледі.

Қорытынды бойынша: топтардың жинаған белгі қағазын санап, оқушыларды белсенділіктері үшін марапаттау қағаздары мен және ынталандыру сыйлықтары берілді.


Жарияланды: 30.06.202209:26

Автор: