“Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру” мерейлі отбасымен кездесу кеші

“Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 8-14 қыркүйек аралығында Отбасы күні атап өтілді. Мақсаты — отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік саясаттың отбасыға ықпалына бағытталды.

“Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру” атты мерейлі отбасымен кездесу кеші өткізілді. Мақсаты — дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары, ата мен әжеге құрмет, үлкенді сыйлау, бата беруді насихаттау. Кештің басты кейіпкерлері — Сұлтанбековтер әулеті болды. “Алтын той” иелері, бір шаңырақ астында 56 жыл өмір сүрген отбасы. Марат Сұлтанбеков — “Ардагерлер ұйымы” пленумының мүшесі, қажы, құрметті ата, адал жар, асыл әке (Амангелді орта мектебін бітірген). Күлайхан Сабыржанқызы — “Аналар кеңесінің” мүшесі, қажы, аяулы ана, асыл әже, адал жар. Кеш қонақтары — қасиетті Мекке мен Мадинаны көзімен көріп, дұға тілеген жандар.Ал, екі мықты тұлға қосылып, тірегі мығым отбасын құрап отыр.

Кеш барысында, әсем би мен әуезді ән де шырқалды. Мектептерден келген оқушылар мен ұстаздар сұрақтарын қойып, сыр-сұхбат өрбіді. Асыл ата мен аяулы әже өздерінің өмірбаяндарын, жұмыс сәттері мен отбасылық құндылықтарды сөз етті. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жайлы, сыйластық пен сабырлы болу сынды әңгімелер айтылды.

Кеш соңында Марат ата бата беріп, оқушыларға жылы лебіздерін жолдады.

“Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығы атынан қонақтарға сый-сияпат табысталды.


Опубликовано: 12.09.2025 в 08:57

Автор: