”Жалында, Жас Ұлан” атты шатырлы лагері өткізілді

“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен ”Жалында, Жас Ұлан” атты шатырлы лагері өткізілді. Жасұландықтардың мерекесіне орай қала мектептерінің арасында өткізілген іс-шара барысында оқушыларға әр түрлі спорттық және қызықты ойындар ұйымдастырылды. Нәтижесінде жеңімпаз атанған оқушылар мен әр түрлі номинациялар бойынша мектептер марапатталды. Сонымен қатар, жыл бойы қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқан штабтың ұланбасы мен мектеп парламентінің ұланбасылары марапатталды.
Штаб төрайымы Ыбыраева Айкерім Дүйсенбайқызы